Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенті грэпплингтен Қазақстан чемпионы атанды


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері ЖОО-ның 70 жылдық мерейтойы жылында өздерінің спорттық жетістіктерімен қуантуды жалғастыруда.

Мәселен, Астана қаласында «AIGA» нұсқасы бойынша ерлер арасында өткен грепплингтен Қазақстан чемпионатында біздің студент Әміржан Сихимбаев барлық қарсыластарын жеңіп, 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел чемпионы атанды.

Грэпплинг – жекпе-жектегі жақын жекпе-жектің стилі, қапсыра ұстауды қолданатын күрес техникасы (ағылш. grapple «қапсыра ұстау»). Күрестің бұл түрі дзюдо, жауынгерлік самбо, еркін және грек-рим күресі, тіпті бразилиялық джиу-джитсудың ең жақсысын жинады.

Әміржанды жеңісімен құттықтаймыз! Оған оқуда және спортта одан әрі табыс тілейміз!

Без рубрики