Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенті Әбу-Дабиде (БАӘ) джиу-джитсудан халықаралық турнирдің жүлдегері атанды


Абу-Дабидегі UAE national pro халықаралық джиу-джитсу турнирінде әлемнің 80 елінің спортшылары бақ сынады.

+94 килограмм салмақ дәрежесінде біздің еліміздің атынан Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенті Асылмұрат Сағындық (АиУ-23-2 тобы) қатысты.

Асылмұрат бұған дейін беделді халықаралық турнирлерге қатысып, марапаттарға ие болған. Бұл жолы да ол құрметті үшінші орынға ие болды.

Асылмұратты кезекті табысымен құттықтаймыз! Оқуда жетістік және спорт саласында жаңа жеңістер тілейміз!

Без рубрики