Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенті аралас жекпе жектен жастар арасында Әлем Кубогын жеңіп алды


27-29 қазан аралығында Қарағанды қаласында «Жастар» спорт кешенінде Nomad MMA — қазақстандық стильдегі аралас жекпе-жектен жастар арасында Әлем кубогы өтті.

Жарысқа 16 елдің спортшылары қатысты, оның ішінде — Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенті Еркемай Сартаева (АРХ-23-1 тобы, суретте сол жақта).

Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегері және жеңімпазы, ол осы мәртебелі жарыстарда табысқа жетуді мақсат етті. Және жанкүйерлердің үмітін ақтады. Еркемай финалға өтіп, жеңіске жетіп, Әлем кубогының иегері атанды.

Еркемайды тамаша жеңісімен құттықтаймыз! Бұл ЖОО 70 жылдық мерейтойына жасалған кезекті тарту. Бәрекелді!

Без рубрики