Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенті акробатикадан азия чемпионы атанды


Университетіміз үшін мерейтойлық жылы Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенттері өздерінің спорттық жетістіктерімен қуантуды жалғастыруда.

Мысалы, 16-22 қазан аралығында Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) акробатикадан жастар арасында Азия чемпионаты өтті, оған С-22-3 тобының студенті Илларион Мацымоха қатысты.

Біз ол туралы және оның бұрынғы спорттық жетістіктері туралы хабарлаған болатынбыз. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Илларион Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері және жеңімпазы болған.

Бірақ бұл жолы Илларион Азия чемпионатында да өзін көрсете алды. Оның мұндай ірі жарысқа бірінші рет қатысып, өте мықты қарсыластармен сынға түсті. Бірақ дебют сәтті болды. Илларион Азия чемпионы атағын жеңіп алды.

Бұл университеттің 70 жылдық мерейтойына және ұлттық мереке – Республика күніне лайықты сыйлық.

Илларион Мацымоханы жеңісімен құттықтаймыз! Оған оқуда және спортта одан әрі табыс тілейміз!

Без рубрики