Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенті академик Қаныш Сәтбаевқа арналған халықаралық конференцияда бірінші орынға ие болды


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенті Еркежан Бопежанова Павлодар қаласының Инновациялық Еуразия университеті ұйымдастырған Қ. Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Білім мен ғылымды интеграциялау – болашаққа қадам» атты Халықаралық ғылыми — практикалық конференцияға белсенді қатысты.

Еркежан 50-ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда «Әділетті мемлекет қалыптастырудағы студент жастардың саяси белсенділігі» атты зерттеу баяндамасымен сөз сөйледі. Жұмыс «ҚХА және ӘГП» кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.м. Р. М. Шарипованың жетекшілігімен орындалды.

Халықаралық ғылыми — практикалық конференцияның секциялық отырысының қорытындысы бойынша Еркежан Бопежанованың жұмысы бірінші орынға ие болды. Студент «ҚХА және ӘГП» кафедрасында жұмыс істейтін «Философия» студенттік ғылыми клубының қатысушысы болып табылады.

Еркежан Бопежанованы құттықтаймыз, одан әрі ғылыми жетістіктер тілейміз!

Без рубрики