Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ профессорлары өз аттарынан ағаш көшеттерін отырғызды


Бүгін, 27 сәуір 2024 жылы Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Профессорлар аллеясына» тағы тоғыз қарағай отырғызылды.

Өз аттарынан ағаш отырғызу құрметіне ие болған университеттің 9 профессорлары: Басқарма төрағасы – Ректор Сагинтаева С.С, Сагинтаев С.С, Векслер Ю.А, Кажикенова С.Ш, Кабикенов С.Ж, Булатбаев Ф.Н, доценттер Жолдыбаева Г.С, Калыбекова К.С, Аскаров Б.Ш.

— «Бұл университетіміз үшін маңызды оқиға»,- деп атап өтті Сауле Сагинтаева. — «Осындай аллеяның пайда болуы тамаша бастама деп ойлаймын. Біріншіден, профессорлар университетіміздің айнасы. Жылдан-жылға аллеямыз кеңейіп келеді, яғни профессорлық-оқытушылар құрамы нығайып, университетіміз көркейіп келеді.»

Сауле Саветовна бүгін ағаш көшеттерін отырғызуға атсалысқан оқытушылар мен студенттерге алғысын білдірді.

Айта кету керек, студенттер, университет қызметкерлері және қала тұрғындарының демалыс орнына айналған танымал «Профессорлар аллеясын» Әбілқас Сағыновтың серіктестері мен шәкірттері құрған.

Без рубрики