Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ оқытушысы Осакаров ауданының мектеп бітіруші сынып оқушыларымен көшпелі кездесу өткізді


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде кәсіптік бағдар беру жұмыстары жыл бойы жүргізіледі. Оқытушылар үнемі мектептер мен колледждердің түлектерімен бетпе-бет және онлайн кездесулер ұйымдастырады, педагогикалық ұжымдармен тығыз байланыста болады, ЖОО қабырғасында өткізілетін экскурсияларға және басқа да іс-шараларға шақырады. Мұның барлығы біздің университеттің мектептермен, колледждермен және өндірістік кәсіпорындармен байланысын нығайтуға ықпал етеді, оқушыларға болашақ мамандықты таңдауда жақсы бағдар алуға көмектеседі.

Мәселен, жақында осындай кездесулердің бірі Осакаровка кентінің бітіруші сынып оқушыларымен өтті. Оларды «Құрылыс материалдары және технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы А.С. Рахтаев жүргізді.

Әбілғазы Серікұлының үлкен өндірістік және елеулі педагогикалық тәжірибесі бар және мектеп түлектерінің болашақ мамандықты дұрыс және саналы түрде таңдауы қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеді. Осакаров ауданы білім беру бөлімінің әдіскері А.Нұрмахамедованың аудан мектептерінің түлектерімен кездесу өткізу туралы өтінішін қуана қабыл алғаны туралы дереу жауап беріп, А. Бөкейханов атындағы ЖББМ-нің, №12 ЖББМ-нің және №9 гимназияның бітіруші 6 сынып оқушыларымен кездесті.

Кездесу барысында А.С. Рахтаев оқушыларға биыл өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің тарихы мен заманауи жетістіктері туралы айтып, оларды ЖОО ұсынатын өзекті білім беру бағдарламаларымен, болашақ мамандықтардың ерекшеліктерімен және қабылдау ережелерімен таныстырды. Оқушылар тарапынан студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету, әскери кафедраға түсу, білім беру гранттарын алуға қажет балдары және ақылы негізде оқыту жөнінде көптеген сұрақтар қойылды. Барлық сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді. Сонымен қатар, қосымша ақпарат алу үшін мектептерге телефон нөмірлері қалдырылды.

Кездесу соңында Осакаров ауданы мектептерінің университетпен одан әрі ынтымақты байланыста болу туралы тиісті келісімге қол қойылды.

Без рубрики