Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ оқытушысы ICT Academy HUAWEI үздік нұсқаушысы болып танылды


Huawei Technologies Co. Ltd. — телекоммуникация саласындағы әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі. Салалық талаптарға жауап беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы таланттарды дамыту мақсатында 2013 жылы компания ICT Academy Huawei – университеттер мен кәсіпорындардың ынтымақтастық жобасын іске қосты.

Қазіргі уақытта ICT Academy Huawei әлемнің 70-тен астам елінде, оның ішінде Қазақстанда дамыған. Бұл жоба таланттарды дамытудың барлық процесін қамтитын кешенді шешімді: курсты әзірлеуден, нұсқаушыларды тағайындаудан бастап зертханалық ортаны құруға дейін, сондай-ақ таланттарды сертификаттауды, конкурс және жұмысқа орналастыруды ұйымдастыруды ұсынады.

2021 жылдан бастап Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің базасында жұмыс істейтін Huawei ICT академиясында студенттер бұлтты есептеу, үлкен деректер, жасанды интеллект және 5G сияқты салалардағы жаңа технологияларға, оқу бағдарламалары мен ресурстарға қол жеткізе алады, осылайша болашақ мансап үшін құнды практикалық тәжірибе жинақтайды.

Күні кеше Алматы қаласында республикалық конференция өтті, онда қазақстандық университеттер арасындағы Олимпиаданың қорытындысы шығарылды. Аталған іс-шарада академияның үздік студенттері мен нұсқаушылары Huawei компаниясының грамоталарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ «Байланыс жүйелері технологиясы» кафедрасының аға оқытушысы У.С. Есенжолов қатарынан үшінші рет Huawei ICT академиясының үздік нұсқаушысы болып танылды. 100-ден астам үміткердің тек 8 нұсқаушысы осы беделді марапатқа ие болды.

Ұлан Серікұлын кезекті танылуымен құттықтаймыз және біздің университет жанындағы Huawei академиясының ICT одан әрі табыс тілейміз!

Без рубрики