Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ оқытушылары Ұлытау облысының мектептері мен колледждерінің оқушыларына ЖОО туралы айтып берді


Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында «Кәсіпорын экономикасы және менеджменті» кафедрасының аға оқытушысы Лаззат Мағзұмова Ұлытау облысының Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы мектептер мен колледждердің оқушыларымен кездесті.

Мақсат – Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің мамандықтары туралы айту, ЖОО мен кафедра туралы толық мәлімет беру.

«Қазақмыс» корпорациясының технологиялық колледжі» ЖМ, № 1 және №25 мектептердің, «Жезқазған гуманитарлық колледжі» КМҚК оқушылары әңгімелесу барысында өздерін қызықтырған білім беру бағдарламалары бойынша барлық сұрақтарына жауап алды.

Без рубрики