Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ оқытушылары «GREEN WEBINAR» жұмысына қатысты


«GREEN WEBINAR»  шақыруы бойынша Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасының оқытушылары «Әр түрлі географиялық аймақтарда ресурстық әлеуетті ескере отырып жылумен жабдықтау, салқындату және ыстық сумен жабдықтауды қоса алғанда, жаңартылатын энергетиканың түрлі технологияларын енгізу мүмкіндігін талдау» жұмысының нәтижелерін таныстыруға онлайн түрде қатысты

«GREEN WEBINAR» «жасыл» экономика, экология, «жасыл» инновациялық технологиялар және ғылыми-техникалық құжаттама саласындағы ақпаратты түсіндіру үшін «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының» білім беру алаңы болып табылады.

Онлайн вебинарда ұсынылған жұмыс БҰҰДБ – ЖЭҚ (Жаһандық экологиялық қор) және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Жаңартылатын энергия көздеріне инвестициялау тәуекелдерін төмендету» бірлескен жобасы шеңберінде орындалды.

Онлайн-вебинар барысында студенттерге, магистранттар мен докторанттарға жаңартылатын энергетиканың түрлі технологияларын енгізу туралы дәрістік және практикалық материалдар үшін көптеген пайдалы ақпарат берілді.

Без рубрики