Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ мен «Қайнама Көмір» ЖШС арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды


«Өнеркәсіп салаларындағы маркетинг» жаңа білім беру бағдарламасын құруды Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Экономика және менеджмент» кафедрасының қызметкерлері көшпелі кеңесте «Қайнама көмір кәсіпорны» ЖШС өндірістік ұжымымен талқылады. 

Тараптар «Қайнама Көмір» ЖШС корпоративтік университетінің кәсіпорнында техникалық ноу-хауды енгізуді қарастырды. Кездесуге қатысушылар – жаңа білім беру бағдарламасын құру экономика саласында білім алуға және деректерді талдау мен өңдеу саласында құзыреттілікке, ғылыми зерттеу әдістерін қолдануға тиісті серпін береді – деген ортақ пікірге келді.

Кеңесте сондай-ақ бірқатар өзекті мәселелер қаралды, мысалы: «Өнеркәсіп экономикасы», «Өнеркәсіптегі есеп және аудит» білім беру бағдарламалары бойынша оқушыларды қабылдау; оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру; сондай-ақ ғылыми мақалаларды бірлесіп жариялау.

Отырыс қорытындысы бойынша Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың «Қайнама Көмір» ЖШС мен ынтымақтастығының маңыздылығы атап өтілді. Бүгінгі таңда кәсіпорынның басты миссиясы – өңірде инновациялық қызметті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау.

Без рубрики