Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері мен магистранттары әлемде алғашқылардың бірі болып «Amazon» корпорациясының үлкен халықаралық жобасымен жұмыс істеу мүмкіндігін алды.
«OpenSearch Amazon» жобасы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Amazon» компаниясы арасында қол қойылған меморандум аясында жүзеге асырылды.
Ақпараттық технологиялардың білім беру бағдарламалары бойынша оқитын еліміздің техникалық жоғары оқу орындарының 100-ден астам үздік студенттері мен магистранттары «Amazon» корпорациясының флагмандық жобаларының біріне тікелей қатысуға бірегей мүмкіндік алды, оның ішінде -Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дан 10 адам бар.
2023 жылдың наурыз-маусым айлары аралығында олар «Amazon» компаниясы мамандарының тікелей тәлімгерлігімен жұмыс істеді.
Жобаға қатысу қорытындысы бойынша «Ақпараттық-есептеу жүйелері» кафедрасының «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының екінші курс магистранты Нұрым Сатыбалды (ғылыми жетекшісі Ph.D Амиров А.Ж.) «OpenSearch» жобасы шеңберінде өз бағыттары бойынша жұмысты талдау түрінде толық есеп алды және жетекші әлемдік корпорация тәлімгерлерінің пікірлерін, сондай-ақ болашақта тағылымдамадан өту немесе Amazon компаниясына жұмысқа орналасу мүмкіндігін алды.
Осы жобада жұмыс істеген уақытында Нұрым Сатыбалды осы жоба аясындағы әзірлемелерге оң әсер еткен керемет шеберлік пен инновацияларды көрсетті және «Amazon» компаниясынан ұсыныс хаттар алған қатысушылардың топ-10 кірді.
Бұл бағдарлама оған «Amazon» жетекші мамандарының қолдауымен үлкен тәжірибе мен практикалық жұмыс дағдыларын алуға ғана емес, сонымен қатар халықаралық жобалармен жұмыс істеу портфолиосында трек рекордын (басқару нәтижелері) жасауға, «Amazon» компаниясының мамандарымен тиімді байланыс орнатуға мүмкіндік берді.
Letter of Recommendation for Nurym Satybaldy
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық
университетінің басқасөз қызметі