Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» — «Серпін» әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді ат салысуда


Жастардың еңбек ресурстары артықтау елдің оңтүстік өңірлерінен, оларға мұқтаж басқа өңірлерге жылжуын қамтамасыз ету үшін оларды қажетті мамандықтарға оқыту қажет. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің оқытушылары мұны кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізе отырып ескереді.

Бүгінгі таңда Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында жастарды жұмысқа орналастыруда проблемалар бар. Сонымен бірге республиканың шығысында, солтүстігінде және батысында жұмыс қолы жетіспейді.

Дәл осы жағдай біздің университеттің «А.Н.Данияров атындағы өнеркәсіптік көлік» кафедрасының аға оқытушысы С.Ж.Косбармаковты Жамбыл облысының мектептерінде бітіруші сынып оқушыларымен бірқатар кездесулер өткізуге итермеледі, оның барысында әлеуетті талапкерлер біздің ЖОО, білім беру бағдарламалары, елдің жетекші техникалық университетіне түсу және оқу шарттары туралы толық ақпарат алды.

Біздің ЖОО-да оқуға қызығушылық танытқан балаларды жақын арада біздің студенттер арасында көреміз деген үміт бар.

Олар жасаған таңдауларына өкінбейтініне сенімдіміз.

Без рубрики