Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ командасы «Фатих» ХФК жүлдесіне футзалдан республикалық турнирде екінші орын алды


19-21 сәуір аралығында Екібастұз қаласында «Фатих» шағын футбол клубының жүлдесіне футзалдан республикалық турнир өтті. Жарысқа Қазақстанның әр өңірінен 16 команда қатысты. Олардың арасында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың құрама командасы да бар.

Бес ойын өткізгеннен кейін біздің балалар финалға шықты. Бірақ шиеленіскен жекпе-жекте турнир иелері жергілікті «Богатырь Көмір» командасынан 1:3 есебімен жеңіліс тапты.

Дегенмен, бұл турнирді сәтті деп санауға болады. Қорытынды екінші орын -мықты қарсыластармен күресте қол жеткізілген жақсы нәтиже.

Бұған қоса, біздің команданың ойыншысы Кирилл Дуров (Лог-23-2 тобы) «Үздік ойыншы» ретінде жеке сыйлық алды.

Біздің команданы құттықтаймыз және оған одан әрі табыс тілейміз!

Без рубрики