Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ командалары Қарағанды қаласының волейболдан студенттер лигасының жүлдегерлері атанды


2024 жылдың 24 сәуірінде Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ спорт кешенінде волейболдан Қарағанды қаласының студенттер лигасының жүлдегерлері мен жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Жарыс а.ж. қазан айының соңынан сәуір айының ортасына дейін өткізілді. Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың екі командасы да (ерлер мен әйелдер) жүлдегерлер қатарында болып, екінші орынға ие болғанын атап өткен жөн. Мықты командалармен бәсекелестікті ескерсек, бұл өте жақсы нәтиже.

Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да волейбол әрқашан өте танымал болды. Бұл жолы да біздің университет жарыстың ерлер бөлімінде бірден екі команданы — негізгі және резервтік құрамдарды көрсете алды.

Медальдармен марапаттаудан басқа, жарысты ұйымдастырушылар жеке жүлделер табыстады. Арнұр Рысқұл (ТС-20-1 тобы) және Виктория Козлова (Маш-21-2 тобы) «Үздік ойыншы» номинациясында арнайы жүлделерге ие болды.

Спортшыларымызды тамаша өнер көрсетулерімен құттықтаймыз және оларға оқу мен спортта жаңа табыстар тілейміз!

Без рубрики