Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Jas Orda» жастар қауымдастығы жанындағы еріктілер штабы факультеттердің жастар орталықтарымен бірлесіп, ерікті түрде қан тапсыру бойынша дәстүрге айналған акция ұйымдастырды.
Донорлық, ең алдымен, қоғамның әлеуметтік функциясы, өйткені бүгінгі күні донорлық қанның толыққанды алмастырғыштары жоқ, тек ерікті түрде қан тапсыратын донор адамға көмектесе алады. Өйткені, кез-келген елдегі қан қызметінің негізгі проблемасы – шұғыл көмек көрсету үшін қоластында дұрыс қан болу қажеттілігі арасындағы тепе-теңдікті сақтау.
Донор болу – адам өмірін сақтап қалу үшін қанымен бөлісетін әрбір адам үшін ерекше миссия. Донорлық – тек құрметті ғана емес, сонымен бірге өте жауапты миссия. Салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану және денсаулығыңызды бақылау қажет.
Ерікті түрде қан тапсыруға біздің 95 студент, факультеттердің жастар орталықтарының қатысты.