Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың студенттері Облыстық «ARTshort» қысқаметражды фильмдер байқауының жеңімпаздары атанды


2023 жылдың 3-23 қазан аралығында Қарағандыда ұялы телефонға түсірілген қысқаметражды фильмдердің шығармашылық байқауы өтті. Бұл жобаға өңірдің барлық тұрғындары жас шектеулерінсіз қатыса алды.

Жобаны «Сарыжайлау» кинотеатры өңірдің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен ұйымдастырды.

Қазылар алқасының құрамына Қарағанды облысының мәдениет және өнер қайраткерлері кірді.

Конкурс шарттары бойынша қысқа метражды фильмдердің ұзақтығы 10 минуттан аспауы тиіс. Ұйымдастырушылар қатысушыларға: «Махаббат хикаясы», «Өткенге саяхат», «Сен неге әлі желідесің?», «Армандар орындалады» және «I love you Maykuduk» сияқты бес тақырып таңдауға берілді.

Байқауға Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің машина жасау факультетінің студенті Ерасыл Сәпиев қатысып, «Бесінші кезең» фильмін ұсынып, киножобаның лауреаты атанды. Оған диплом, жеңімпаз кубогы және ұялы телефонның штативі берілді.

Сондай-ақ, инновациялық технологиялар факультетінің ИС-21-1 тобының барлық студенттері (жоба жетекшісі — факультет деканының орынбасары Д.Е.Сағатбекова) өздерінің қысқаметражды фильмдерін ұсынды. Байқауға олар «Армандар орындалада» және «Тағы да төбеде» атты екі картинаны жіберді.

Бірінші жұмысы үшін студент Рамазан Әмірхановқа «Үздік актер» номинациясы берілді, ал екінші жұмысы үшін Университетіміздің студенттері Гран – при алды.

Без рубрики