Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың студенті спорттық пилоннан Республикалық турнирде екі жүлделі орынды жеңіп алды


Қазақстан аумағында бұқаралық- спорттық іс-шаралардың жыл сайынғы республикалық күнтізбелік жоспарына сәйкес жыл сайын бұқаралық спорттан іс-шаралар өткізіледі. Оның ішінде, Қазақстан Республикасының Кубогы, Туризм және спорт министрлігінің, жергілікті билік органдарының қолдауымен өтетін Республикалық және халықаралық турнирлер. Жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының, сондай-ақ облыстар спортшыларының құрама командасы құрылады. Үздіктердің үздіктері Әлем чемпионаттарында біздің елдің атынан жарысқа қатысады.

28 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Астана қаласында спорттық пилоннан Республикалық турнир өтті.

Бұл спорт түрі қалың жұртқа әлі таныс емес екендігін айта кеткен жөн. Әуе-спорттық эквилибр бойынша Қазақстан федерациясы 2016 жылы құрылды. 2019 жылы еліміздің аумағында ресми жазғы, олимпиадалық емес спорт түрі, «пилондағы спорт» тіркелді. Екі жылдан кейін спорттың ресми түрі – «әуе сақинасы» тіркелді. Ал, соңында, өткен жылы – «ауа кенептері» пайда болды.

Спорттық пилоннан республикалық турнирге Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенті (РЭТ 23-2 топ) Амалия Анисимова спорттық пилоннан Республикалық турнирге қатысу құқығына ие болды.  Және өзіне жүктелген үмітті толығымен ақтады.

Амалия екі жүлделі орынға ие болды: 18-29 жас санатында әуе сақиналарында жаңадан бастағандар арасында 1 орынға және 18-49 жас санатында спорттық дуэт бойынша кәсіпқойлар арасында 2 орынға.

Амалияны спорт аренасындағы керемет жетістіктерімен құттықтаймыз! Жетістіктеріңді жалғастыра бер!

Без рубрики