Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың студенті спорттық акробатикадан Әлем Кубогында алтын медаль жеңіп алды


Польшаның Жешув қаласында 19 елдің спортшылары қатысқан спорттық акробатикадан Әлем кубогының кезеңі аяқталды.

Алтын медальдарды қарағандылық акробаттар – спорттық акробатикадан халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, ерлер жұбы Даниель Диль мен Вадим Шуляр иеленді.

Даниель Диль Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде оқиды және Костенко атындағы шахтада тау кен жұмысшысы болып жұмыс істейді.

2023 жылғы 27 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділ Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» XXXII сессиясында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Даниель Дильге халықтар арасындағы бейбітшілікті, достықты және ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін Алғыс хат табыс етті.

Ал бүгін, университеттің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында Даниель Диль спорттық акробатикадан Әлем Кубогында алтын медаль алып, университетімізді тағы да дәріптеді.

Даниельді жеңісімен құттықтаймыз және алда бұдан да биік спорттық шыңдарды бағындыруды тілейміз!

Без рубрики