Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың оқытушылары «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да біліктілікті арттыру курстарынан өтті


Өзара қызметтестік туралы жасалған меморандум аясында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың «А. Н. Данияров атындағы өнеркәсіптік көлік» кафедрасының аға оқытушылары Б. М. Исин және Е. Атькен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ – «Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы» (Астана қ., Қазақстан) филиалында біліктілікті арттыру курсын сәтті аяқтады).

«Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс» біліктілікті арттыру тақырыбы А. Н.Данияров атындағы өнеркәсіптік көлік кафедрасында іске асырылатын 6в11301 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» білім беру бағдарламасына сәйкес келеді.

Теориялық білім деңгейін арттырудан, практикалық дағдылар мен біліктілікті жетілдіруден басқа, курс аясында оқытушылар «Үнемді өндіріс (Кайдзен)» және «Жанжалды ретке келтіру» сияқты тақырыптарда тренингтерден өтті, сондай-ақ кәсіпорындарға барып, теміржол көліктерімен танысып қайтты.

Жоғары оқу орнының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету аясында ұйымдастырылған бұл курс өз кезегінде оқытушылардың кәсіби деңгейін және жалпы біздің университеттің мамандар даярлау тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Без рубрики