Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың оқытушылары магистранттарға арналған тест тапсырмаларын әзірлеуге қатысты


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушылары — Готтинг В.В., Байжуманова Н.С. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының шақыруымен тест тапсырмаларын әзірлеуге қатысты.

Тест тапсырмалары «Кәсіптік оқытудағы заманауи технологиялар» пәні бойынша М008 – «Кәсіптік оқыту педагогтарын даярлау» білім беру бағдарламалары тобы бойынша магистратураға түсетін үміткерлерді кешенді тестілеу үшін жасалды.

Жұмыстар Алматы қаласы, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің базасында жүргізілді.

Без рубрики