Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың оқытушылары Қазақстандағы алғашқы сертификатталған блокчейн-инженерлердің бірі болды


Blockchain Center мен Binance компаниясы арасындағы ынтымақтастық аясында Қазақстанда блокчейн-инженерия мен комплаенсті оқыту бойынша әлемдегі ең ірі білім беру бастамасы іске қосылды.

Қазақстан ел ауқымындағы жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына блокчейн тақырыбын енгізетін әлемдегі алғашқы ел болады деп болжануда.

Еліміздің 116 университетінен таңдалған 22 жетекші ЖОО үшін пилоттық бағдарламаны іске асыру барысында Blockchain Center блокчейн-инженерия бойынша алты пән әзірледі.

Қазақстанның жоғары мектебінің 300 педагогы, оның ішінде біздің университеттің 13 оқытушысы блокчейн-инженерияның қарқынды курсынан өтті:

  1. Жетесова Г.С.
  2. Амиров А.Ж.
  3. Кожанов М.Г.
  4. Шахатова А.Т.
  5. Калинин А.А.
  6. Томилова Н.И.
  7. Алина Г. Ж.
  8. Кайбасова Д.
  9. Абильдаева Г.
  10. Тайлак Б.
  11. Клюева Е.Г.
  12. Маргулан Н.
  13. Сайлауқызы Ж.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры, профессор, техника ғылымдарының докторы М.К. Ибатов салтанатты жағдайда, ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің отырысында аталған оқытушыларға блокчейн-инженерлердің сертификаттарын табыс етті, олардың оқу процесіне цифрлық технологияларды табысты енгізудегі елеулі үлесін атап өтті, жаңа кәсіби жетістіктерімен құттықтап, оларға денсаулық, отбасына береке және еңбекте сәттілік тіледі.

Мамандарды даярлауға блокчейнді енгізу бойынша ізашарлардың қатарына кіре отырып, олар Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің 70 жылдық мерейтойына арналған жетістіктердің үлкен кешеніне тағы бір елеулі үлес қосты.

Біздің алғашқы блокчейн инженерлерімізді табыстарымен құттықтаймыз және оларға одан әрі жетістіктер тілейміз!

Без рубрики