Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың оқытушылары Қарағанды қаласындағы колледждерде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Құрылыс материалдары және технологиялары» кафедрасының меңгерушісі Е.К. Иманов және өндірістік тәжірибесі мол аға оқытушы А.С. Рахтаев Қарағанды жоғары политехникалық және Қарағанды техникалық-құрылыс колледждерінің бітіру курстарының оқушыларымен көшпелі кездесулер өткізді.

Өңір мектептері мен колледждерінің түлектерімен мұндай кездесулер ЖОО кафедраларының жұмысындағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Олардың арқасында бітіруші сыныптар мен курстардың оқушылары болашақ мамандықты түпкілікті таңдауы сирек емес. Өйткені, белгілі бір мамандық туралы туыстарыңыз бен достарыңыздан естігенде бір жөн, ал – бұл туралы жылдар бойы осы іске өз өмірін арнаған, осы қызмет саласында айтарлықтай еңбек өтілі бар адамдардан естіген бір бөлек. Мұндай кәсіптік бағдар беру жұмысы, әдетте, жақсы нәтиже береді.

Кездесулер барысында түлектердің назарына өтініштерді қабылдау рәсімінен бастап студенттердің оқу және тұрмыс жағдайларына дейінгі барлық қажетті ақпарат жеткізілді. Әрине, өндірісте сұранысқа ие білім беру бағдарламаларына және мамандарды кейіннен жұмысқа орналастыру мәселелеріне баса назар аударылды. Аталған колледждердің бітіруші курс оқушыларына Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың ірі өнеркәсіптік компаниялармен, оның ішінде ЖОО базасында жұмыс істейтін «Корпоративтік университет» инновациялық — білім беру консорциумы шеңберінде іздестіру, жобалау және құрылыс кәсіпорындары мен ұйымдарымен жемісті ынтымақтастығы үлкен әсер қалдырды.

Колледж оқушыларының сұрақтары көп күттірген жоқ. Олар көп болды. Сондықтан олармен онлайн форматта танысуды жалғастыру туралы шешім қабылданды: WhatsApp-та топтар құру және балаларды ақпараттармен хабардар ету, туындаған сұрақтарға жауап беру.

Кездесулерге Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің 9-1 АЭА-20, 9-2-АЭА-20 топтары, сондай-ақ 9-ТС-20 топтары және Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінің болашақ сәулетшілері қатысты.

Осы колледждердің бітіру курстарының оқушыларымен жұмысты «Құрылыс материалдары және технологиялар» кафедрасы жүйелі негізде жалғастырады.

Без рубрики