Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың магистранттары білім алу шахтасы жағдайында пайдалы қазбаларды жерасты игеру технологияларын пысықтады


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің өңірдегі кәсіпорындармен және ұйымдармен берік байланыстары білім алушыларға тікелей өндірістік учаскелерде кәсіби құзыреттіліктерге ие болуға мүмкіндік береді.  Сондықтан тау-кен факультетінің студенттері, әсіресе магистранттары мен докторанттарына жер асты жер қойнауына бірнеше жүз метр тереңдікке түсу таң қаларлық жағдай емес.

Бірақ жұмыс істеп тұрған шахтаға түсіп, жұмыс істеп тұрған механизмдер мен қуатты желдеткіш қондырғылар шуылдап тұрғанда, топпен бірге жүретін маманның бар дауысымен айқайлап не айтатқанын және түсіндіргенін ұғу қиынға соғады, ал сіз дәл осыған ұқсас жағдайда, бірақ құлық тұндыратын және тітіркендіргіш шу жоқ жағдайда болу бір басқа. Есту қабілетіңізге салмақ салмай, көмір шаңы мен шуынсыз, сондай-ақ стресстік сезімдерсіз басқа адамды есту бір басқа. Дәл осындай мүмкіндікті Қарағанды политехникалық колледжінің оқу шахтасы ұсынады.

Жақында осы жерде «Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру» кафедрасының ГД-23-1 тобының магистранттары болды. Өз ісін жақсы білетін адам – кафедра доцентінің міндетін атқарушы, PhD Хусан Болатханның экскурсияны жүргізуі тіпті қызықты болды.

Магистранттар бекіткіштерді салу үдерістерімен, ұңғыма жабдығының жұмысымен, жабдықтың техникалық ерекшелігімен танысты.

Экскурсия барлығына ұнады. Ол магистранттарды жаңа біліммен байытып, ұмытылмас әсер қалдырды.

Без рубрики