2023 жылғы 20 қазанда «Ұлытау облсындағы этносаралық, қоғамдық-саяси ахуалды зерттеу» және «Ұлытау облсындағы жастар саясаты мәселелері бойынша зерттеу» шаруашылық шарттық тақырыптарын орындау аясында Әбілқас Сағынов атындағы КарТУ-дың «Қазақстан Халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының ғылыми-зерттеу тобы тағы да Ұлытау облысына барды, Қаражал қаласында, Жаңаарқа ауданында болды. Аталған аймаққа алдыңғы сапарлар ҒЗЖ орындау үшін қажетті материалдарды жинаумен байланысты болды.
Бұл сапардың мақсаты: фокус-топтық сұхбат жүргізу.
Халықпен фокус-топтық жұмыс біздің ғалымдарымызға әлеуметтанулық зерттеу барысында халықтың кең ауқымды пікірлерін алуға, тұрғылықты жердегі мақсатты аудиторияның көңіл-күйі мен ақпаратын қабылдауды зерттеуге мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, ҚХАжӘГП кафедрасының оқытушысы А.С. Саткенов Қаражал қаласының №3 ЖББМ түлектері арасында кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді.
Қойылған міндеттер толық көлемде орындалды.