Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың базасында Абайдың «Қара сөздері» алғашқы жариялануының 105 жылдығына арналған республикалық философиялық эссе байқауы өткізілді


Байқауды «Ұлы Даланың дана сөздері» тақырыбында «Орыс тілі мен мәдениеті» кафедрасы ұйымдастырды.

Байқауға Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың, Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ-дың, Қарағанды медицина университетінің, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің, Қазақ Спорт және туризм академиясының, «Қазақмыс» Корпорациясының политехникалық колледжінің 120-дан астам студенті қатысты.

Қатысушылардың жұмысын мына құрамдағы беделді сараптама комиссиясы бағалады: ф.ғ.к., доцент С.К. Нұрпейісова; PhD докторы, аға оқытушы Г.М. Байделдинова; патриоттық тәрбие ҒЗИ басшысы Б.А. Бушманова (Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ); ф.ғ.к., профессор Ж.Д. Рапишева (Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ), ассистент-профессор А.С. Ламанова (Қарағанды медицина университеті). 

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар жарияланды.

Мемлекеттік тілде:

  • I-орынды Ордаханова Аружан иеленді, АиУ — 23-1тобы, — Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ (жет. Кишенова А.Ю.):
  • II-орында — Өзбаева Ділназ, гр. СТ-23-1 тобы (жет. Ақынжанова А.А.) және Каменев Дамир, СИБ-23-1с. тобы (жет. Тимохина Т.В.) – Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ;
  • III-орында — Оралхан Азамат (жет. Даркембаева Р.Д.), Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ

Орыс тілінде:

  • I-орынды Оралбекова Нұрай иеленді (жет. Алдашева Г.Б.) — Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті;
  • II-орында — Базыл Кариполла, СВ-21-09р. тобы (жет. Серікова А.Ж.) – «Қазақмыс» Корпорациясының политехникалық колледжі және Орынбасар Бақдәулет (жет. Мыңбаева С.М.) — Қазақ Спорт және туризм академиясы;
  • III-орында — Жұмахан Аяжан (жет. Дәркембаева Р.Д.) Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ.

Ағылшын тілінде:

  • I-орынды Агафонова Алена иеленді, АРХ-22-5 тобы (жет. Иванова С.А.) — Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ;
  • II-орында – Мұқашев Жәнәлі, КО-23-1 тобы (жет. Докучаева Н.В.) — Абылқас Сағынов атындағы ҚарТУ;
  • III-орында — Мұстафин Алдияр, Е-21-1 тобы (жет. Тлеуімбетова Д.Б.) — Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ. 

Байқаудың барлық қатысушыларына белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз және жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

Без рубрики