Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың 70 жылдығына арналған «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» білім беру бағдарламасы бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытындысы шығарылды


2023 жылғы 30 мамырда «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» білім беру бағдарламасы бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының финалы өтті.

Конкурс ректораттың қолдауымен ЖОО-ның 70 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар кешені шеңберінде «Байланыс жүйелерінің технологиялары» кафедрасы өткізіді.

Байқаудың мақсаты «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар қатарынан жас зерттеушілерді қолдау болды. Озық білім мен технологиялар трансферті негізінде өмір сапасының стандарттарын жетілдіру ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижесіне негізделген ғылыми жобаларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады. Студенттердің оқу кезеңінде де зерттеу жұмыстарына қатысуы өте маңызды.

Конкурсқа қатысуға аталған білім беру бағдарламасы бойынша дайындықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының 1-4 курс студенттері жіберілді.

Бірінші кезең сырттай форматта өтті: конкурсқа қатысушылар өз жобаларын электрондық поштаға жіберді және конкурс комиссиясының мүшелері ұсынылған жұмыстардың өзектілігі мен ғылыми жаңалығын бағалады. Байқаудың соңғы кезеңіне қатысуға ең қызықты сегіз жұмыс жіберілді.

Оның қорытындысы бойынша «Машиналық оқыту негізінде тұлғаны тану» тақырыбындағы жоба үшін 1-орын Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың РЭТ-22-2 тобының студенттері Жұматаев Диас, Каденов Ернар және Жансағым Нұрзатқа берілді.

II орынды «Қазақ әліпбиін шифрлау жүйесінің классикалық шифрларына енгізу» тақырыбындағы жоба үшін Торайғыров университеттің (Павлодар қ.) РЭиТ-202 тобының студенті Аңсар Тұрлыбеков алды.

Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың РЭТ-22-1 және РЭТ-22-2 топтарының студенттері Болатбеков Дарин «Текше түріндегі магниттік резонанс негізінде сымсыз зарядтау» жобасымен және Жұматаев Диас, Айтмұхамбет Ақмарал және Қарғажанова Тоты құрамындағы команда «Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың электрондық платформа картасы» жобасымен III-орынды бөлісті.

Жеңімпаздарға құрмет грамоталары, ақшалай және естелік сыйлықтар, ал жүлделі орын алмаған финалистерге ғылыми жобалар конкурсына қатысушылардың сертификаттары табыс етілді.

Жас зерттеушілерді лайықты марапаттарға ие болуларымен құттықтаймыз және одан әрі қызықты әрі жемісті ғылыми ізденіс тілейміз!

Без рубрики