Іс-шараға Басқарма мүшелері – цифрландыру жөніндегі проректор Азамат Амиров, әлеуметтік-тәрбие беру жұмысы жөніндегі проректор Абай Қалықов, Barlau Global Distribution ЖШС директоры Ксения Гаджиева, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ, ТТК, Cosmos Group компанияларының өкілдері мен РТТ кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Университет басшылығы РТТ кафедрасы базасында желілік зертхананың ашылуының маңыздылығын, сондай-ақ қолданылатын жабдықтардың оқу үдерісі мен өндірістік қызметтегі өзектілігін атап өтті.
Зертхананың ашылуы Barlau Global Distribution ЖШС компаниясының демеушілік қолдауының арқасында мүмкін болды. Компания заманауи телекоммуникациялық жабдықтарды сатып алуға қолдау көрсетті. Бұл университеттің білім беру инфрақұрылымын дамытуға, студенттердің практикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге және болашақ мамандардың кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға зор ықпал етеді.
Ruijie Networks — телекоммуникациялар саласындағы кешенді шешімдер мен желілік жабдықтарды өндіретін Қытайдың жетекші компанияларының бірі. Компания корпоративтік секторға, деректерді өңдеу орталықтарына және SMB сегментіне ( Ruijie Reyee желісі) арналған заманауи коммутаторлар, маршрутизаторлар, Wi-Fi қолжетімділік нүктелері мен желілік қауіпсіздік жүйелерін ұсынады. Ruijie шешімдері тегін бұлтты басқаруды, мобильді қосымша арқылы қашықтан баптауды және өзін-өзі ұйымдастыратын желі технологияларын қамтиды.






