Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да ЖОО-ның 70 жылдығына арналған профессорлық-оқытушылар құрамы арасында футзалдан «Төртеу кубогы» турнирі өтті


Турнир университеттік спорт кешенінде төрт құрама команданың қатысуымен өтті: Бас корпус, бірінші корпус, ҚазКҚДИ-ИЭМФ және тау-кен факультеті.

Ойындардың барлығы дерлік тартысты өтті.

Нәтижесінде Тау-кен факультетінің командасы барлық кездесулерде жеңіске жетіп, бірінші орынға ие болды.

Екінші орын ҚазКҚДИ-ИЭМФ бірлескен командасына бұйырса, үшінші және төртінші орындарды бірінші және Бас корпустың командалары бөлісті.

Айта кетерлігі, турнирге жастармен бірге спортқа жан-тәнімен берілген аға буын ұстаздар да қатысты.

Олардың қатарында ПҚКБ кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, қауымдастырылған профессор А.Ж. Имашев, техника ғылымдарының кандидаты, ҚазКҚДИ сарапшысы Д.К. Тоқанов, техника ғылымдарының кандидаты, «Механика» кафедрасының меңгерушісі М.К. Бакиров, техника ғылымдарының кандидаты, «Жоғары математика» кафедрасының доценті В.В. Журов бар. Олар университет оқытушылары мен студенттерінің жас буынына лайықты үлгі көрсетеді.

Турнирдің форматы барлық қатысушыларға ұнады және олар алдағы уақытта да осындай жарыстарды жалғастыруға ниетті.

Без рубрики