Наурызнамның онкүндігі кезінде біздің университетте жас қызметкерлерге философия докторы (PhD) дипломдарын табыстаудың салтанатты рәсімі өтті.
Жаңа PhD докторларын Басқарма төрағасы-ректордың у.м.а. А.Қ.Қалықов құттықтады, олардың барлығы қазақстандық ғылым мен білімнің дамуына, еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.
Философия докторы (PhD) дипломдары білім беру бағдарламалары бойынша мыналарға табысталды:
- 8d07201 – «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» — Д.А. Ибрагимоваға;
- 8d07202 – «Тау-кен ісі» — Л.М. Муллағалиеваға;
- 8d07102 – «Көлік, көлік техникасы және технологиясы» — Е.Ю.Крючковқа және К.А. Синельниковке;
- 6D071200 – «Машина жасау» — А.А. Сағитовқа.
Жастардың кадрлық әлеуетін дамыту-біздің университет қызметіндегі басым міндеттердің бірі. Ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау мұнда 8 өзекті бағыт бойынша PhD докторантура шеңберінде жүзеге асырылады. Барлық осы бағыттар бойынша ЖОО базасында диссертациялық кеңестер ойдағыдай жұмыс істейді. Біздің барлық жас PhD докторларымыз жаңа білім беру бағдарламаларын іске асыруға, гранттық және шаруашылық келісімшарттық ҒЗЖ орындауға, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға белсенді қатысады, олардың көпшілігі университет бөлімшелерін басқарды.
Біздің жаңа PhD докторларымызды құттықтаймыз және оларға ғылыми-білім беру қызметінде одан әрі табыс тілейміз!