Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да Трансформацияны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлерін құттықтады


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры, профессор, техника ғылымдарының докторы М.К. Ибатов Трансформацияны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлерін кәсіби мерекелері – Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күнімен құттықтап, олардың аталған саладағы жауапты және жемісті еңбектерін атап өтіп, оларға денсаулық, отбасылық амандық және жұмыста табыс тіледі.

Марат Кеңесұлы Департамент қызметкерлерінің бір тобына: Департамент басшысы, PhD докторы А.Ж. Әміровке және оның жоғары кәсіби командасына — М.Г. Кожановқа, М.К. Айдархановқа, К.Б. Штефанға, А.Д. Соловьевке, Ш.Ә. Омаровке, Е.С. Жүнісбаевке, Ж. Иманалиевке, Д.В. Маурерға, Д.С. Орловқа, Н.К. Мұхашеваға Алғыс хаттар табыс етті. 

Трансформацияны қамтамасыз ету департаментінің барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз және оларға жұмыста табыс тілейміз!

Без рубрики