Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да студенттердің сыбайлас жемқорлыққа мүлде төзбеуін қалыптастыру аясында дөңгелек үстелдер өткізілді


Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа «мүлде төзбеуді» қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық көріністерімен күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады. Осыған байланысты біздің жастарымыздың сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне тиімді қарсы тұруы үшін қажетті құзыреттерге ие болуы маңызды.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде студент жастарды тәрбиелеу жөніндегі бұл жұмыс жүйелі негізде атқарылуда.

Мәселен, «Жоғары математика», «Орыс тілі және мәдениеті» кафедраларының оқытушылары ОП-23-2, ОП-23-2с, КО-23-1 және ПСК-23-1 топтарының студенттеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі» және «Сыбайлас жемқорлыққа – жол жоқ!» тақырыптарында дөңгелек үстелдер өткізді

Бұл іс-шаралардың мақсаты – студенттерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның бастапқы курсын қалыптастыру болды.

Студенттер талқылауға, оның ішінде – көпшілік алдында сөз сөйлеуге, бейне баяндамалар конкурсына белсене қатысты. Олар тақырыпты игеруде жақсы білетіндіктерін көрсетіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдарын, күні бұрын ескерту мәселелерін қарастырды.

Жастар – қоғамның қозғаушы күші, елдің тірегі. Біз әлемнің алдыңғы қатарлы елдерімен бір сапта болуға ұмтыламыз. Сыбайлас жемқорлыққа төзбейтін көзқарас – біздің әл-ауқатымыздың дамуы мен гүлдене өркендеуіміздің басты шарттарының бірі болып қала береді.

Без рубрики