Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да Республикалық математикалық олимпиаданың қорытындысы шығарылды


Математикалық олимпиадалар барлық уақытта талантты оқушыларды іріктеудің, олардың ең үздіктерін анықтаудың бір түрі болды. Аталған олимпиадаларды өткізудің маңызды мақсаттарының бірі оқушылардың математикаға, математикалық үйірмелердегі сабақтарға деген қызығушылығын дамыту болып табылады. Жоғары оқу орындарының болашақ талапкерлерді тарту үшін пәндік олимпиадалар өткізу дәстүрі бұрыннан қалыптасқан.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің базасында 10-11 сынып оқушылары мен Қазақстан Республикасы колледждерінің білім алушылары арасында математикадан жыл сайынғы пәндік олимпиада өткізілді.

Олимпиадалық тапсырмалар оқу жоспарын ескере отырып әзірленді, олар әр түрлі қиындық деңгейлерін қамтиды және әр тапсырма үшін тиісті ұпай санымен бағаланады. Барлық олимпиадалық тапсырмалар толығымен оқу бағдарламасына негізделген қызықты және ерекше тұжырымдамаға ие. Олимпиадаға қатысу әр түрлі деңгейдегі оқушылар үшін ашық болды.

Олимпиада екі турда өтті. Бірінші тур ағымдағы жылдың ақпан айында өтті, оған еліміздің түрлі өңірлерінен 62 адам қатысты. Онлайн-тестілеу нәтижелері бойынша екінші турға 21 адам өтті.

Екінші тур Наурыз айының басында өтті. Оның қорытындысы бойынша қазылар алқасы төмендегідей орындар берді:

  • 1-орын — Калмулдиева Малика;
  • 2-орын — Щербаков Руслан;
  • 3-орын — Крылов Илья, Өмірзақов Мұхаммед.

Қарағанды облысының оқушыларын олимпиадаға дайындау үшін «Жоғары математика» кафедрасының оқытушылары ф.-м.ғ.к., доцент Л.М. Мұстафина және PhD, аға оқытушы Л.Ж. Қасымова Қарағанды қаласының балалар мен жасөспірімдер сарайымен бірлесіп математикалық үйірме ұйымдастырды. Үйірменің қызметі математикалық білімді тереңдетуге, олимпиадалық тапсырмаларды талдауға және стандартты емес математикалық есептерді шешуге бағытталған.

Олимпиадаларға қатысу – өзін-өзі жетілдіруге және үздіксіз шығармашылық дамуға апаратын жол. Математика пәнінен олимпиадаларға дайындық және қатысу оқытудың пәнаралық нәтижелеріне қол жеткізуге ықпал етеді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Без рубрики