Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да Әлімхан Ермеков атындағы стипендия тағайындау бойынша байқаудың қорытындысы шығарылды


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде «Әлімхан Ермеков және қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуы» халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясының қарары негізінде құрылған Әлімхан Ермеков атындағы стипендия тағайындалды. Аталған конференция ЖОО базасында 2021 жылғы 16 сәуірде көрнекті қоғам қайраткері, ғалым, профессор, математик Ә.Ермековтың 130 жылдығына арналған іс-шаралар кешені шеңберінде өткізілді.

Аталмыш стипендия иегері конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша анықталды. Оның иегері РЭТ 22-2 тобының студенті Артур Корбит.

Мұндай стипендия белсенді қоғамдық-саяси қызметі, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардағы және оқудағы айтарлықтай жетістіктері үшін беріледі.

Стипендия қоғамдық-саяси, оқу және ғылыми-зерттеу қызметінде елеулі жетістіктері бар мемлекеттік білім беру гранты негізінде де, ақылы негізде де күндізгі оқу нысанындағы Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың 2-4(5) курс студенттеріне тағайындалады.

Әлімхан Ермеков атындағы атаулы стипендия семестр сайын беріледі. Оның мөлшері университет қаражатынан бөлінетін 41 898 теңгені құрайды.

Біз Артурды құттықтаймыз және оған болашақта да осындай жарыстарда  жеңіске жетуін тілейміз!

Без рубрики