Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да басты ұлттық мереке – Республика Күніне арналған салтанатты жиын өтті


Салтанатты шара ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің онлайн құттықтауымен басталды. 33 жыл бұрын қабылданған және барлық қазақстандықтардың арманын жүзеге асырған Республиканың мемлекеттік егемендігі туралы декларацияны қабылдаудың маңыздылығын атап өтіп, ол баршамызды осы тамаша мерекемен шын жүректен құттықтады. Ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Жаңа Қазақстанның құрылысына қосқан үлесін атап өтіп, оларға таңдаған салада жаңа табыстар мен жетістіктер тіледі.

Салтанатты жиынға қатысушыларды Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА құрметті академигі, әл-Фараби атындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты М.К. Ибатов құттықтады. Өз сөзінде ол әріптестері мен студенттерге зор денсаулық, жұмыста, оқуда және ғылыми қызметте жетістіктер, өмірде бақыт тіледі.

Тарих ғылымдарының кандидаты, «Қазақстан тарихы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры А.Е. Даниярова жиналғандарға Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы Республика күніне арналған қызықты және мазмұнды баяндама жасап, Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың арқасында бұрын жойылған меркенің ұлттық атаққа ие болып, қайта оралғаны туралы жиналғандардың есіне салды.

Содан кейін үздік қызметкерлер мен студенттерді марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты жиынға қатысушылардың қызу қолдауымен Марат Кеңесұлы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «ҚР ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісін — «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының меңгерушісі, профессор, әл-Фараби атындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты В.Ю. Куликовқа, «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісін — «Қазақ тілі мен мәдениеті» кафедрасының доценті К.М. Хамзинаға табыстады.

Сондай-ақ ҚР Ғылым және жоғары білім Министрлігінің Құрмет грамоталарымен: КТжЛЖ кафедрасының меңгерушісі С.Ж. Қабикенов, ҚХАжӘГП кафедрасының меңгерушісі Д.Г. Шорманбаева, ДТ кафедрасының меңгерушісі И.Л. Головин, МІжГ кафедрасының меңгерушісі Е.Н. Хмырова, ТЖМжС кафедрасының доценті Д.З. Мухамедьяров, ЖМ кафедрасының доценті Н.Ф. Абаева, СжД кафедрасының аға оқытушысы М.В. Любченко марапатталды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің алғыс хаттары: ТЖМжС кафедрасының профессоры Т.М. Бұзауоваға, ТЖМжС кафедрасының доценті И.А. Бартеневке, ЭЖ кафедрасының аға оқытушысы В.С. Баландинге, АТжҚ кафедрасының аға оқытушысы Е.Г. Клюеваға, ДТ кафедрасының аға оқытушысы Р.М. Саденовке, СжД кафедрасының аға оқытушысы Р.К.Кикнадзеге, архив меңгерушісі Ж.А. Тарламбековаға, IT-жобалар басқармасының басшысы М.Ғ.Қожановқа, заң бөлімінің басшысы Г.С. Аязбаеваға табысталды.

ЖОО қызметкерлері мен студенттерінің үлкен тобы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректорының алғыс хатымен марапатталды.

Салтанатты жиында студенттер тобын Президенттік стипендиямен және Ә.Ермеков атындағы стипендиямен марапаттау рәсімі өтті.

Қарағанды облыстық білім және ғылым қызметкерлері одағы мерекеге орай өз белсенділерін атап өтті. Оның атынан университет оқытушылары мен қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Н.А. Алпысбаева АЕЖ кафедрасының меңгерушісі А.А. Калининге, студенттерге қызмет көрсету орталығының жетекшісі Т.И. Губайдулинаға, «Серпін-2050» оқу орталығының әдіскері Н.Т. Түсіпбековаға, жастар саясаты департаментінің әдіскері И.Е. Смайыловқа Құрмет грамоталарын табыс етті.

Салтанатты жиын соңында мерекелік концерт өтті. Көрермендерді домбырашылар, «Гәкку» ансамблі, «Маэстро» дуэті, жақсы мерекелік көңіл-күй сыйлаған вокалистер ұжымы өз өнерлерімен қуантты.

Без рубрики