Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ білім алушылар мен қызметкерлер үшін жайлылық пен қауіпсіздік стандарттарын көтеруде


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің 70 жылдығы ғылым мен білім берудегі, қоғамдық қызметтегі көптеген маңызды жетістіктермен есте қалады, оған ЖОО-ның ғалымдары мен оқытушылары, докторанттары, магистранттары мен студенттері лайықты үлес қосты. Бірақ сонымен бірге университеттің көп қырлы қызметіндегі басты басымдық адамға қамқорлық болды және болып қала береді. Жұмыс пен оқудың жайлы және қауіпсіз жағдайларын жасау үшін жоғары оқу орнының заманауи инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді.

Мәселен, қайта жаңғыртылудан кейін салтанатты жағдайда бас және 1-ші оқу ғимараттарында ыстық тамақ асханалары мен буфеттер ашылды. Заманауи дизайн мен жабдықтар, орындықтар, қызмет көрсету желілері және мәзірдегі тағамдардың кең ассортименті бойынша олар жақсы кафелерден де асып түседі. Бұл жерде Ішкі инфорқұрылымды дамыту департаментінің директор Г.Н. Мусинаның жетекшілігімен мамандарының және «Сәулет және дизайн» кафедрасының оқытушылары К.Ж. Тойымбековтың, Д.К. Смолянованың сіңірген еңбегі зор, олар мұнда өте көркем және жайлы болу үшін көп күш жұмсады.

Студенттер, университет қызметкерлері мен қонақтары үшін қауіпсіз және жайлы ортаны дамыту, сондай-ақ инклюзивті білім беру үшін қосымша жағдайларды қамтамасыз ету аясында университеттің Бас ғимаратында тағы бір лифт салынып, пайдалануға берілді. Бұл корпустағы жолаушылар лифті біздің жасы ұлғайған қызметкерлеріміз бен мүмкіндігі шектеулі студенттердің арманы болды. Бірақ бұрынғы стандарттар бойынша бұл қол жетпес арман еді. Сонымен қатар, бес қабатқа дейінгі ғимараттарда қолданыстағы құрылыс нормаларында лифтілер көзделмеген. Ал, енді жаңа лифт қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр.

Басқарма Төрағасы – Ректор, т.ғ.д., профессор М.К. Ибатов барлық қызметкерлерді жаңартылған асханалар мен буфеттермен, жаңа жолаушылар лифтінің іске қосылуымен құттықтап, жобалық мерзімдерде орындап, сапалы жұмыс атқарған университет мердігерлері мен қызметкерлеріне ерекше ризашылығын білдірді.

— Барлығы салыстырмалы түрде белгілі, — деді ол әлеуметтік маңызы бар нысандардың ашылуына қатысқан профессор-оқытушылар құрамына Университет өмірінде болған өзгерістерге назар аудара отырып.

— Біздің табиғатымыз солай, жақсы нәрсеге тез үйреніп кетеміз. Сондықтан біз мұнымен тоқтап қалмаймыз.

Осыған байланысты Марат Кеңесұлы жоғары оқу орнының инфрақұрылымын дамыту, аудиториялық қорды кеңейту, бас және 4-ші оқу ғимараттары арасындағы жер үсті өткелін, қосымша киім ауыстыратын бөлмелерді орнату, ғимаратқа іргелес 1-ші оқу ғимаратының субұрқағы бар жасыл демалыс аймағын жайластыру жөніндегі алдағы жоспарларымен бөлісті.

Без рубрики