Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ Басқарма төрағасы – Ректор «Террикон алқабы» IT-орталығында болды.


Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ Басқарма төрағасы – Ректор Сауле Сагинтаева Қарағанды техникалық университетінің өкілдерімен «Террикон алқабы» IT-орталығында болып, жұмыстарымен танысты.

ІТ-хабтың негізін қалаушысы Александр Дорошенко қонақтарды коворкинг, Nexus Pro даму бөлімімен, подкаст түсіретін студиямен, конференц-зал және келіссөз бөлмелерімен таныстырды.

“Террикон алқабы” орталығының директоры Сабыр Ниязов жасанды интеллект, конференция, кездесу, мастер-класс және жаңа технологияға сай мамандарды дайындау жұмысы туралы презентациясын ұсынды.

Жобаны талқылау аясында киберқауіпсіздік және жасанды интеллект салаларындағы білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша тәжірибе алмасты.

Кездесуге қатысушылар «Террикан алқабы» ІТ орталығының жеткен жетістіктеріне таңданыс білдірді.

Кездесу соңында екіжақты ынтымақтастықты арттырып, университеттің цифрландыру жүйесі бойынша жобаларды жүзеге асыруға жоспар құрылды.

Без рубрики