Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ «Астана» өңірлік қолбасшылығының 85510 әскери бөлімімен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды


«Астана» өңірлік қолбасшылығының 85510 әскери бөлімі қолбасшылығының өтініші бойынша «Механика» кафедрасы осы бөлімнің мерзімді әскери қызметшілерінің жеке құрамымен кездесу ұйымдастырып, өткізді.

Кездесу барысында кафедраның профессор-оқытушылар құрамы Әскери қызметшілерді Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің 70 жылдық даму тарихымен таныстырды, жоғары оқу орнының оқытушылары мен студенттерінің көрнекті ғылыми, шығармашылық және спорттық жетістіктері туралы айтты.

Кездесудің басты тақырыптарының бірі әскери қызметшілердің біздің университетке оқуға түсуі болды.

Әскери қызметшілерге бізде өнеркәсіптің түрлі салалары үшін мамандар даярлайтын білім беру бағдарламалары туралы егжей-тегжейлі мәліметтер берілді, әлеуетті талапкерлерден не талап етілетінін түсіндірілді, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берілді.

Әскери қызмет аяқталғаннан кейін жоғары оқу орындарына түсуге ниет білдірген мерзімді әскери қызметшілер үшін кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу мақсатында әскери бөліммен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды.

Без рубрики