Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ ғалымының ғылыми мақаласы ЮНЕСКО-ICHEI «CLOUD» журналында жарияланған


«Шет тілдері» кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысындағы елеулі жетістік, афедра меңгерушісі, п.ғ.к., Д.Д. Жантасованың мақаласының ЮНЕСКО-ICHEI «CLOUD» журналында жариялануы болды.

Аталған журналды ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен Жоғары білім саласындағы халықаралық инновациялар орталығы (Шэньчжэнь қ., Қытай) басып шығарады. «CLOUD» журналының атауы ақпараттық-коммуникациялық технологияларға негізделген білім мен озық тәжірибемен алмасуға арналған жаһандық желіні бейнелейді және бүкіл әлем бойынша жоғары білім беру саласындағы қызметкерлердің өзара іс-қимылы үшін платформа құруға бағытталған.

«Техникалық ЖОО-ны интернационалдандыру әлеуетін дамыту үшін цифрлық платформаны әзірлеу» тақырыбындағы өзекті жарияланым гранттық қаржыландыру жобасы шеңберінде орындалды. Мақала техникалық ЖОО-ның Интернационалдандыру әлеуетін дамыту моделінің әдіснамасы бойынша жобаланған және цифрлық өзара іс-қимыл арқылы интернационалдандыру стратегияларын іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық жүйені әзірлеуге және тәжірибелік сынақтан өткізуге арналған.

Жарияланымға сілтеме — http://ru.unesco.kz/new-joint-publication-on-digital-transformation-of-higher-education-in-central-asia

Без рубрики