Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ ғалымдары «Сантехпром» ЖШС басшылар мен мамандардың техникалық кеңесінің жұмысына қатысты


Құрамында: кафедра меңгерушісі профессор В.Ю. Куликов, доцент Б.Б.Саркенов және аға оқытушы Д.Р. Аубакировтар бар «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының бір топ ғалымдары «Сантехпром» ЖШС техникалық кеңес аясында осы мекеменің басшылығымен — техникалық директоры А.Н. Золотыхпен және директордың орынбасары С.С. Маркарянцпен кездесті.

Іс-шараны өткізудің мақсаты – 2023-2024 оқу жылындағы ынтымақтастық жоспарларын келісу.

Кеңес барысында «Корпоративтік университет» инновациялық-білім беру консорциумы туралы өзекті келісімге сәйкес ынтымақтастықтың ықтимал нысандары туралы мәселелер қаралды, 2023-2024 оқу жылына мамандар даярлау және ғылыми зерттеулер бойынша бірлескен жұмыс жоспары келісілді, курстық және дипломдық жұмыстарды орындау процесінде оларды шешу тұрғысынан «Сантехпром» ЖШС өндірісінің проблемалық мәселелері талқыланды, «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының студенттеріне арналған өндірістік және диплом алдындағы практика, бакалавриат, магистратура және PhD докторантураның өзекті білім беру бағдарламалары бойынша оқыту мақсатында кәсіпорынның еңбек ұжымы арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізуді ұйымдастыру талқыланды.

Кездесудің қорытындысы 2023-2024 оқу жылына арналған бірлескен жұмыс жоспарына және техникалық кеңестің ниет хаттамасына қол қою болды.

Без рубрики