Әбілқас Сағынов атындағы ҚарМТУ «Jas Orda» жастар қауымдастығының еріктілер штабы қан донорлығы бойынша ауқымды акция ұйымдастырды


«Jas Orda» ЖҚ белсенділері үшін мұндай акциялар жақсы дәстүрге айналды. Еріктілер ақысыз берген донорлық қанның арқасында жүздеген адамның өмірі сақталып қалды.

Кезекті акцияға 50-ден астам адам қатысты. Біздің еріктілердің бей-жай қалмауының арқасында Қарағанды облыстық қан орталығының банкі 16 литрге толықты.

«Қан тапсыру – өте маңызды іс-әрекет. Бұл акцияға жетінші рет қатысып отырмын. Мен бұл іс-шараны өте қажет деп санаймын, өйткені әрдайым қиындыққа тап болған және донорлық қанға мұқтаж адамдар бар. Ал біз өз кезегінде қан банкін толықтыруға ықпал етеміз. Осылайша, адам өмірін сақтап қалуға көмектесеміз», – дейді еріктілер штабының басшысы Кристина Немытова.

Бұл акция донорлықтың жастар арасында кең жайыла бастағанын тағы да растайды.

Белгілі жазушы Виктор Гюго айтқандай: «Ақыл алғанынан, жүрек бергенінен баиды».

Без рубрики