Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің жетекші ғалымдары «Мұрагер» мектеп-интернатының болашақ өнертапқыштарымен кездесті


Энергетика, автоматика және телекоммуникация факультетінің бітіруші кафедра меңгерушілері Югай В.В., Нешина Е.Г. және Калиаскаров Н.Б. «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернатының «JelToqSun» командасымен кездесті.

«JelToqSun» командасы Алматы қаласындағы Сүлейман Демирел атындағы университет базасында өткен дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің оқушылары арасындағы Роботтар фестивалінің жүлдегері болып табылады. Бұл фестивальға 44 команда – еліміздің әр өңірінен 200-ден астам оқушы қатысты.

Кездесу оқушыларды өнертапқыштық қызметке тарту және «JelToqSun» командасын робототехника бойынша республикалық конкурсқа дайындау шеңберінде ұйымдастырылды.

«JelToqSun» командасы факультеттің жетекші ғалымдарына жоғары тиімділікке, дербестікке ие және жеңіл тасымалданатын мобильді жел электр станциясының жобасын көрсетті.

Біздің ғалымдар жобаны жақсарту және макеттік қондырғыны жаңғырту мақсатында оқушыларға өз ұсыныстары мен қорытындыларын берді және оларға өнертапқыштық қызметте одан әрі табыстар мен робототехника бойынша конкурстарда жеңістер тіледі.

Без рубрики