Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің түлегі Curtin University (Австралия) магистратурасында оқиды


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті өз түлектеріне іргелі білім береді. Мұның дәлелі – олардың еңбек нарығында сұранысқа ие болуы және беделді шетелдік жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруы.

«Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының түлегі Райымбек Зейнуллин – «Пайдалы қазбаларды байыту» мамандығы бойынша алған дипломымен шектелмеуге шешім қабылдағандардың қатарында. Қазіргі уақытта ол Curtin University (Австралия) «Mining and Metallurgy» факультетінде оқиды, «Professional engineering in mining» мамандығы бойынша магистрлік бағдарламаны меңгереді.

Қазір Райымбек «Implementation of Multi-criteria decision-making technique in comminution equipment selection» тақырыбында магистрлік диссертация жазып жатыр, оның объектісі «Ұсақтау – ұсақтау-сұрыптау кешені» болып табылады. Бағыт – кен дайындау. Магистратураны аяқтағаннан кейін Райымбек осы бағытты одан әрі зерттеуді жоспарлап отыр.

Оған белгіленген мақсаттарға жетуде табыс тілейміз!

Без рубрики