Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Жолдауын түсіндіру бойынша интерактивті семинар-кездесуде академиялық мәселелер жөніндегі проректор, Басқарма мүшесі А.М. Темербаеваның, жастар саясаты департаментінің басшысы Р.Р. Бузяковтың, оқытушы-педагогикалық құрамның және 300-ден астам адамның қатысуымен өтті.
«Президент білім беру жүйесін одан әрі дамытуды ерекше атап өтіп, нақты бағыт берді. ҰБТ нәтижелеріне және өзге де көрсеткіштерге байланысты мөлшері бойынша 30-дан 100%-ға дейін сараланатын білім беру гранттарын бөлу. Жылдық 2-3%-бен оқуға жеңілдікті кредиттер беру. Осы шаралардың барлығы жоғары білімді қол жетімді және сапалы етеді», — деп спикерлер атап өтті.