Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар бойынша СҒЗЖ Республикалық байқауының жүлдегерлері атанды


«Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы жыл сайын білім алушыларды әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық байқауына қатысуға дайындайды.

2021-2022 оқу жылында әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар бойынша СҒЗЖ Республикалық байқауының 2-кезеңдегі қорытындысы бойынша біздің университет студенттері жүлделі орындарға ие болып, марапатталды:

Назым Әділхан (ғылыми жетекшісі – PhD докторы, ҚХА және ӘГП кафедрасының меңгерушісі Д.Г. Шорманбаева) – II дәрежелі диплом;

Төлеуова Әсел (ғылыми жетекшісі – ҚХА және ӘГҚ кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.м. Е.Ж.Әубәкіров) – III дәрежелі диплом.

СҒЗЖ республикалық байқауының жүлдегерлерін – студенттерді құттықтаймыз! Жаңа табыстар тілейміз!

Без рубрики