Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері арасында «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбы бойынша Брейн-ринг


2023 жылғы 19 қазанда «Business skills park»-інде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері арасында «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында «Брейн-ринг» ойыны өткізілді.

Ойынның мақсаты: сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін, құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тарту, белсенді азаматтық ұстаным көрсету.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаментінің өкілдері, Комплаенс-қызмет, оқытушылар, құрылымдық бөлімшелердің басшылары және университет студенттері қатысты.

Ойын үш кезеңнен тұрды, онда қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл саласында түрлі тақырыптық тапсырмаларды орындады. Ойын нәтижесі бойынша жеңімпаздарға дипломдар мен сертификаттар табысталды.

І дәрежелі дипломмен АиУ-21-2 тобының студенттері А.Амангелдин, Е. Аманжол, Ә. Баграмов, Е. Қанағат («Форсети» командасы, жетекшісі — ҚХА және ӘГҚ кафедрасының аға оқытушысы Жұматова Г.М.) марапатталды.

Без рубрики