Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері Қарағанды қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысты


Мамандарды даярлау сапасын арттыру оқытуда өндірістің жетекші мамандарының қатысуымен қамтамасыз етіледі, осыған байланысты «Кеніш аэрологиясы және еңбекті қорғау» кафедрасы Қарағанды қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттер үшін таныстыру экскурсиясын ұйымдастырды және өткізді.

Экскурсия барысында студенттер заманауи өрт-құтқару жабдықтары мен көпфункционалды өрт-техникалық автокөліктерін, қорғаныс құралдарын сынап көрді және мамандандырылған бөлімшенің жұмысымен танысты.

Без рубрики