Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері 3 Minute Thesis халықаралық бейне презентация байқауының жүлдегерлері атанды


3 Minute Thesis халықаралық бейне презентациялар байқауын В.И. Ленин атындағы Иванов Мемлекеттік энергетикалық университеті (ИГЭУ, РФ) және Беларусь мемлекеттік университеті (БМУ, Беларусь Республикасы) Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттерінің қатысуымен өткізді.

Байқаудың мақсаты – ауызша академиялық орыс және шет тілдерін қолдану дағдыларын көрсету, болашақ мамандардың сыни ойлауы мен шығармашылық әлеуетін дамыту.

Байқауға тілдік емес жоғары оқу орындарының студенттері жеке орындалған презентациялармен қатысты. Қатысушылардың қойылымдары жарияланған тақырыпты қамтитын үш минуттық бейнероликтер болды. Біздің студенттердің жұмыстары орыс тілі мен мәдениеті кафедрасының ПОҚ ғылыми жетекшілігімен орындалды.

Бағалау кезінде сараптама комиссиясының мүшелері бейнепрезентацияның логикасы мен құрылымын, грамматикалық, лексикалық және айтылу нормаларын сақтауды, плакат ресімдеуді ескерген.

Орындар келесідей бөлінді:

I орын — Актаев Жандос (СИБ-22-1 т., ғылыми жетекші – Кабанова А.Б.)

II орын — Болатхан Гульнур (ТС-21-1 т., ғылыми жетекші – Тажибаева С.М.)

III орын — Тазабекова Камила (АиУ-22-1 т., ғылыми жетекші – Докучаева Н. В.); Абдуахит Лина; Сулешев Алишер (СИБ-22-1 т., ғылыми жетекші – Кабанова А.Б.)

Номинациялар бойынша сертификаттар алынды:

  1. «Лучший исследовательский проект» – Оразбек Е. (МАШ-22-1с т., ғылыми жетекші – Зяблова Н.А.)
  2. «Перспективное исследование: Взгляд в будущее» — Исаев А. (ТС- 20-1 т., ғылыми жетекші – Иванова С.А.)
  3. «Лучший постер» – Муханов У. (АиУ-22-1 т., ғылыми жетекші – Докучаева Н. В.)
  4. «Экспертное мнение» – Шерім А. (СИБ-22-1 т., ғылыми жетекші – Кабанова А.Б.)
  5. «Технологии будущего» – Актаев Ж. (СИБ-22-1 т., ғылыми жетекші – Кабанова А.Б.).

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және қатысқандары үшін барлығына алғыс айтамыз!

Без рубрики