Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенті «Жылды үздік студенті» ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды


«Жаңа Қазақстанның дарынды жастары!» – осындай атаумен жақында Астанада «Bilim-orkenieti» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған Республикалық конференция өтті.

Бізде талантты жастар көп. Күн сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жастардың жетістіктері – ғылымға, мәдениетке немесе спортқа қатысты ақпарат пайда болады. Жас қазақстандықтар әлі таныла қоймаған саланы табу қиын.

Мұндай бәсекелестік ортада көшбасшылық позицияларды иелену оңай емес, бірақ біздің студенттер үнемі түрлі деңгейдегі конкурстардың, соның ішінде конференциялардың қорытындысы бойынша жүлдегер атанады.

Мәселен, бүгінгі конференция қорытындысы бойынша «Жылдың үздік студенті» ІІІ дәрежелі дипломымен Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің АиУ-21-1 тобының студенті Аманжол Ернат марапатталды.

Бәрекелді! Құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!

Без рубрики