Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенті спорттық акробатикадан Қазақстан чемпионатында 2-ші орынды иеленді


2023 жылғы 20-25 ақпан аралығында Алматы қаласында жастар арасында спорттық акробатикадан жекелеген жаттығуларда Қазақстан чемпионаты өтті.

Біріншілікке Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысушылар келді. Біздің спортшы, с-22-3 тобының студенті Мацымоха Илларион біріншіліктің қорытындысы бойынша 2-ші орынды иеленді.

Қазіргі уақытта Илларион оқуын да ұмытпай, болашақ турнирлерге дайындықты жалғастыруда.

Илларионды турнирде сәтті өнер көрсетуімен құттықтаймыз және қол жеткізген осы жетістгіне тоқтамауды тілейміз!

Без рубрики